ЕҮК туралы

Елдік үйлестіру комитеті (ЕҮК) жергілікті жерлердегі жауапкершілік ұстанымдарын Ғаламдық қордың талаптарына және мүдделі жақтардың ауқымды қатысуымен шешімдер қабылдауының негізгі элементі болып табылады.
ЕҮК – бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы діни және білім беретін ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын қоса алғанда, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық және қазақстандық коммерциялық емес ұйымдардың, сонымен қатар АИТВ (адамның иммундық тапшылығы вирусы – ВИЧ) ЖИТС-пен (жұқтырылған иммундық тапшылығының синдромы - СПИД) және туберкулезбен күресу бойынша іс-шараларға тартылған меншік нышанына байланыссыз басқа заңды тұлғалардың қызметтерін үйлестіруді және оңтайландыруды жүзеге асыру үшін құрылған кеңес беру-кеңесші орган.

ЕҮК негізінде 4 негізгі ұстаным жатыр

ЕҮК барлық жақтардың ауқымды қатысуының, шешімдердің демократиялық қабылдануының, толық айқындылықтың, бірлескен серіктестіктің және тиімді қызмет етудің ұстанымдарына шынайы берілген.
• Елдік жауапкершілік: Ғаламдық қордың бір де бір елде өздерінің өкілдіктері жоқ. Елдер қорларды жұмылдыруды өздері жүзеге асырады және ЕҮК арқылы олардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді
• Мемлекеттік-жеке Серіктестікке арналған көпжақты алаң (елдік деңгейде ұжымдық зиялылық әлеуетті пайдалану).
• Қызмет етіп жатқан құрылымдарға, олар бар болған жағдайда, тірек болу.
• Нәтижелілік және есеп беруге міндеттілік.
Мәжілістер
  • 22
  • қазан, 2026
 
АИТВ инфекциясы және туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі Елдік үйлестіру комитетінің Хатшылығы (бұдан әрі – ЕҮК) ЕҮК құрамына үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерін сайлау процесіне қатысатын Мандаттық комиссия мүшелеріне арналған кіріспе сессия өткізді. Сессия барысында сайлау процесінің негізгі кезеңдері, кандидаттар мен сайлаушыларға қойылатын талаптар, сондай-ақ Мандаттық комиссияның функциялары мен өкілеттіктері таныстырылды. Сайлауда ашықтық, есептілік және қауымдастық өкілдерінің тең қатысу қағидаттарын сақтауға ерекше назар аударылды.

Қатысушылар ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың біліктілік талаптарын, оның ішінде негізгі популяциялар мен зардап шеккен қауымдастықтардың тиісті өкілдігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ мүдделер қақтығысының алдын алу шаралары, кандидаттардың белгіленген критерийлерге сәйкестігін тексеру және сайлау барысында деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сессия аясында сайлау процесінің алты негізгі кезеңі қарастырылды: кандидаттарды тіркеу, тізімдерді жариялау, дауыс беруді ұйымдастыру, нәтижелерді тексеру және құжаттаманы тиісті түрде рәсімдеу. Ықтимал бұзушылықтарды құжаттаудың, хаттаманы бекітудің және оған Мандаттық комиссия мүшелерінің қол қоюының маңыздылығы атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар қауымдастықтармен және ұйымдастыру комитеттерімен өзара іс-қимылды үйлестіру, сайлаушылар мен кандидаттарды ақпараттандыру, сондай-ақ сайлау нәтижелерін тиісті түрде құжаттау бойынша келесі қадамдарды талқылады. Кіріспе сессия Мандаттық комиссия мүшелерін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге және ЕҮК құрамына ҮЕҰ өкілдерін сайлау процесінің ашық, әділ әрі айқын өтуіне бағытталған.

Оқиғалар күнтізбесі
 
Серіктестер