Басты бет Аудит Қазақстан Республикасындағы ЖТМҒҚ гранттарының аудиті, 2011 жыл
 

Қазақстан Республикасындағы ЖТМҒҚ гранттарының аудиті, 2011 жыл


  • тамыз, 2011
  • 08

2011 жылға Бас инспектор кеңсесі әлемнің әр елінде ЖИТС-пен, туберкулезбен және маляриямен күресуге арналған Жаһандық қор (бұдан әрі – ЖТБЖҚ) гранттарының 15 аудитін жоспарлады және аудиттердің 1-еуі Қазақстан Республикасындағы ЖТМҒҚгранттарының аудиті үшін жоспарланған. 

ЖТМҒҚаудитінің негізгі міндеттері - гранттар қаншалықты тиесілі түрде жүзеге асырылатынын, емделушілер қаншалықты сайма-сай көмек алатынын және қорлардың аурулармен күресу үшін қаншалықты тиесілі түрде пайдаланылатынын анықтау, сонымен қатар елде гранттарды тиімдірек жүзеге асыру үшін мүмкіндіктерді зерттеу.

14 аудиттен тұратын Бас инспектор басқармасының командасы 6 апта бойы Қазақстанда ЖТМҒҚ гранттарының аудитін жүргізді. 2011 жылдың 26 шілдесінде Қазақстан Республикасындағы ЖТМҒҚ грантының екі негізгі реципиенті (ЖИТС-тің адын алу және онымен күресу бойынша Республикалық орталығы, Туберкулез проблемасының ұлттық орталығы) ЖТМҒҚ гранттары аудитінің алдын ала қорытындыларымен таныстырылды және ескертулер қабылданды. Негізгі реципиенттер ескертулерді жою бойынша қажетті шараларды қабылдауы үшін БИК аудиттері БИ Басқармасынан ұсынысыстар тізімін ұсынды. Алматы қаласындағы ЕҮК-нің мәжілісінде Астана қаласымен бейне байланыстың көмегімен БИК-тің ЕҮК мүшелерін кейбір қорытындылармен таныстыру мүмкіндіктері болды. ЕҮК-нің гранттарды жүзеге асыруды қадағалау бойынша маңызды функциялары бар. БИКЖТМҒҚ гранттары аудитінің қорытындысы бойынша  ЕҮК-де олардың гранттарды жүзеге асыру бойынша қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін көбірек мүмкіндіктері болады ден үміттенеді. ЕҮК-нің мәжілісінде БИК кейбір қорытындыларды ұсынды және аудиторлық есеп берудің жобасын құру үшін пікірлер мен түсініктемелерді тыңдады. БИК-тің аудиторлық есеп беруінің жобалары шамамен екі айдан кейін (мәжілістен кейін) ЕҮК-ге ұсынылады. Аудиторлық есеп берудің жобасын алғаннан кейін ЕҮК Негізгі реципиенттермен бірге аудиторлық есеп берудің жобасына өздерінің түсініктемелерін ұсынады. Одан кейін, Негізгі реципиенттер БИК аудиті ескертулерінің негізінде іс-шараларды жүзеге асыру жоспарын ұсынады.  Жоспарда Негізгі реципиенттер ескертулер негізінде жүзеге асыруды жоспарлаған іс-шаралар, сонымен қатар, есеп берулер жобасын алғанға дейінгі орындалған іс-шаралар көрсетіледі. Аудиттің көлемі сонымен қатар ЕҮК қызметінің аудитінен де тұрады. Сондай-ақ, ЕҮК қызметін жақсарту бойынша ақыл-кеңестер ұсынылды.

 






Тізімге оралу

Мұрағат

Барлық жазбалар