Басты бет Құрылымы
 

Құрылымы


ЕҮК-нің құрамына мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың өкілдері кіреді:
1. Мемлекеттік сектордан – АИТВ/ЖИТС-тың індеттерімен, туберкулезбен күресуге тартылған орталық және жергілікті атқару органдары, мемлекеттік меншік нышанына негізделген бағдарлы жоғарғы оқу орындары мен басқа мүдделі ұйымдар;

2. Мемлекеттік емес сектордан – әр түрлі мүдделі ұйымдар:

  •  Әйелдердің, жастардың, азшылықтың, осал топтардың мүдделерін ұсынатын қауымдастықтар, қорлар және бірлестіктер, соның ішінде АИТВ/ЖИТС-пен, туберкулезбен өмір сүретін немесе зардап шеккен адамдардың ұйымдары мен бірлестіктері;
  • Діни ұйымдар;
  • Кәсіби және академиялық қауымдастықтар және одақтар;
  • Коммерциялық ұйымдар;
  • АИТВ/ЖИТС-нің індеттерімен, туберкулезбен күресуде және денсаулық сақтаудың басқа салаларында техникалық көмек көрсететін халықаралық үкіметтік емес ұйымдар.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес секторынан шыққан өкілдер құрамы ЕҮК мүшелерінің жалпы санының 40 пайызынан кем болмауы керек. Мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордан шыққан әр өкілдің өзінің теңдестігі болады. Теңдестік негізгі өкіл жоқ болған жағдайда ЕҮК-нің мәжілістеріне қатысады. Теңдестікті таңдау тәртібі ЕҮК-нің ішкі ережелерімен және рәсімдерімен анықталады. ЕҮК-ті ­– Төраға басқарады, ЕҮК Төрағасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі және оның екі орынбасары болып табылады. Төраға мен орынбасарлар әр түрлі секторлар мен бірлестіктерді ұсынады. ЕҮК төрағасы мен орынбасарлар кворум болған кезде (ЕҮК мүшелерінің жалпы санының 50 %-нан артық болса) қатысып отырған мүшелердің қарапайым көпшілігінің дауысымен жабық дауыс беру арқылы ЕҮК-тің жалпы жиналысында таңдалады. Төраға және орынбасарлар лауазымына (өзін-өзі) ұсыну тәртібі ЕҮК-нің ішкі ережелерімен және рәсімдерімен анықталады.

ЕҮК-нің құрамы