Басты бет Қадағалау
 

Қадағалау


2011 жылдың Мамыр - Шілдесіне арналған ЕҮК Хатшылығы жұмысының, базалық қаржыландыру шеңберінде ЕҮК-нің қызметіне қолдау көрсетудегі  ЖТМҒҚ жобасының жоспарына сәйкес, 2011 жылдың 25 мамырында Алматы қаласында ЕҮК-нің мәжілісінде ЕҮК Оңтүстік Қазақстанға (Шымкент қ.) және Жамбыл облысына (Тараз қ.) қадағалау сапарын жүргізу үшін  қадағалау бойынша Комитеттің мүшелерін және олардың теңдестіктерін сайлады (2011 жылдың 25 мамырындағы хаттама).
Қадағалау бойынша алғашқы сапар ЕҮК хатшылығының қатысуымен, Қадағалау бойынша Комитеттің 3 өкілімен жүргізілді:
1.Гайлевич Роман - Қазақстан, Түркменстан бойынша  ЮНЭЙДС үйлестірушісі - Қадағалау бойынша Комитеттің төрағасы, ЕҮК төрағасының орынбасары;
2.Аманжолов Нұрәлі - «АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық одағы» Қоғамдық қордың (ҚҚ) президенті, ЕҮК төрағасының орынбасары;
3.Катренова Айгуль - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің  сарапшысы, ЕҮК-нің мүшесі;
4. Демеуова Рысалды - ЕҮК хатшысының үйлестірушісі.
Гранттың жүзеге асырылуын қадағалауды қамтамасыз ету гранттардыңжоспарланған түрде жүзеге асырылуын және қызметтерді алушыларға жеткізілетіндігін қамтамасыз етуде ЕҮК-нің маңызды функцияларының бірі болып табылады. Қадағалаудың негізгі ұстанымы – қаржылардың ұтымды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Қадағалау сапарлары гранттарды жүзеге асыру туралы, гранттарды басқару туралы, гранттар және гранттар қорытындылары шеңберіндегі серіктестік туралы жалпы тұсініктеме алуды білдіреді. Қадағалау сапарларының қорытындылары бойынша ұсыныстар гранттың жүзеге асырылу барысын бұғаттайтын және табысты жұмыс істеуге кедергі келтіретін мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызуы керек.
Қадағалау сапары барысында Қадағалау бойынша комитеттің мүшелері сапарлар кестесіне сәйкес ЖТМҒҚ гранттарының суб-алушыларымен кездеседі, суб-алушылардың есеп берулерімен танысады, ЖТМҒҚ жобаларының атқарушыларымен әңгіме жүргізеді, ЖТМҒҚ грантын орындау барысында туындаған мәселелерді шығару және ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарды, сонымен қатар ЖТМҒҚ гранттарының негізгі алушыларымен өзера қарым-қатынас бойынша сұрақтарды әзірлейді.