Басты бет «АИВ/ЖИТС» жобасы
 
«АИВ/ЖИТС» жобасы

Комитет ЖИТС-тың алдын алу және онымен күресу бойынша республикалық орталықты, атап айтқанда, ЖИТС-пен, Туберкулезбен және маляриямен күресуге арналған Ғаламдық Қор арқылы берілген гранттың таратылуын бақылауды жүзеге асырады.

ЖИТС-мен, туберкулезбен және маляриямен күресуге арналған Ғаламдық қор (бұдан әрі – ЖТМҒҚ) грантының негізгі реципиенттері келесілер болып табылады: 

  • туберкулезбен (ТБ) күресу компоненті бойынша Туберкулез проблемасының ұлттық орталығы;
  •  ЖИТС-пен күресу  компоненті бойынша ЖИТС-тің адын алу және онымен күресу бойынша Республикалық орталық.

Негізгі реципиенттер грантты енгізуге тікелей жауап береді. Олар ЖТМҒҚ-ның хатшылығына грантты жүзеге асыру барысы жайында ақпаратты ұсынады және тікелей есеп береді. Негізгі реципиенттер өздерінің жеке филиалдары (мекемеге қарасты ұйымдар), сонымен қатар суб-алушылар арқылы гранттарды жүзеге асырады. 

ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу бойынша Республикалық орталық 7 раундтың 2-ші Фазасын жүзеге асырады және 2012 жылдың қаңтарынан бастап 2010 жылдың 1-ші Фазасын жүзеге асырады. Туберкулез проблемасының ұлттық орталығы 8 раундтың 1 Фазасын аяқтауда. 

Қазақстанда ЕҮК-нің қызметіне қолдау көрсету мақсатында 50 000 АҚШ доллары көлемінде базалық қаржыландыру бөлінді. ЕҮК-ге қолдау көрсету үшін бөлінген қаражаттың алушысы ретінде Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы анықталды. 


Жоба фазалары


Раунд 7: