Басты бет
Мәжілістер
Мәжілістер
ЕҮК электронды 2016 жылғы 28 қарашадыдағы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер кірді: 1. ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күрес жургізетін Жаһандық қордың (бұдан әрі - Жаһандық қор) қаржыландыруынан жаңа қаржыландыру үлгісі бойынша Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріне грант алу үшін «СПИД Фонд Восток -Запад» үкіметтік емес ұйымының мунициапалды деңгейде АИТВ және туберкулезбен күресуге арналған шараларға қолдау көрсету мақсатында дайындаған жобасын қарастыру және бекіту; 2. Басқа да сұрақтар Электрондық пошта арқылы ЕҮК мүшелері келесі қалаларынан қатысты және дауыс берді: Астана - 2 адам, Алматы - 13 адам, Шымкент - 3 адам. 27 ЕҮК мүшелерінің 9 қатысқан жоқ: Алматы 3 адам, Астана - 6 адам (жауап келмеді). Кворум бар. Мәжіліс материалдарын қарастыруға 20 жұмыс күні және дауыс беруге 2 күн берілді. Дауыс беру келесі форматта жүргізілді: әр бір ЕҮК мүшесі электронды пошта арқылы барлық ЕҮК мүшелерінің электронды адресін қосып, осы Мәжілістің ашықтығының маңызды екенін көрсете отырып, өз дауыстарын "Жобаны қолдамаймын" немесе "Жобаны қолдаймын" деген жауап жіберуге тиісті болды.
ЕҮК электронды 2015 жылғы 11 желтоқсандағы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер кірді: 1.1 ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен (бұдан әрі - Ғаламдық қоры) күрес жургізетін Жаһандық қордың 8 раунд гранты бойынша қаржы жинақ пайдалануға арналған сұранысын қарастыру және бекіту; 1.2 Түрме жүйесінде МЛУ ТБ 2 100 науқастардың бірқатарын емдеу үшін туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектерді сатып алу. Елімізде 22 бактериологиялық зертханалар белгіленген микробиология анализаторлары BAKTEK және HAIN, арналған реагенттерді сатып алу; 1.3 Қазақстанда Ғаламдық қордың 8-ші раунды гранты бойынша іс-шараларды жүзеге асыру мерзімін 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 маусымына дейін ұзарту . 2. Шығыс Еуропа және Орталық Азия қауымдастығының Ғаламдық қордың жаңа қаржыландыру үлгісі бойынша АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өңірлік бағдарламасының тұжырымдамасы бекіту . 3. Басқа да сұрақтар Электрондық пошта арқылы ЕҮК мүшелері келесі қалаларынан қатысты және дауыс берді: Астана - 4 адам, Алматы - 10 адам, Қарағанды - 1 адам, Шымкент - 3 адам, Павлодар - 1 адам. 26 ЕҮК мүшелерінің 5 қатысқан жоқ: Алматы және Қарағанды 1 адам, Астана - 3 адам (жауап келмеді). Қордың жергілікті агенттері - 2 адам.
|
МұрағатБарлық жазбалар
|