Мәжілістер
2012 жылдың 08 маусымындағы мәжілісте ЕҮК-нің алматылық мүшелері келесі мәселелерді қарастырды: 1. Қазақстанның тәжірибе өткізілетін облыстарында (Алматы облысы – оңтүстік аймақ, Жамбыл облысы) 11 «G-expert» аппараттарын сатып алуға және қолданысқа енгізуге арналған ТБ бойынша ЖТМҒҚ-ның 6 раундтың гранты бойынша қаражатты пайдалануды қайта бағдарламалау және келісу. 2. ЖТМҒҚ 6 раундының гранты бойынша жобаны жабуды келісу (аяқталу мерзімі 2012 жылдың 31 тамызы, жабылу мерзімі – 9 ай). 3. Атырау облысына қадағалау сапарының қорытындылары бойынша есеп берулерді көрсету. 4. Қостанай облысына алдағы қадағалау сапары.
ЕҮК алматылық мүшелері «Халықаралық ұйымдармен жұмыс істеу бойынша Елдік үйлестіру комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 25 шілдесіндегі №854 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулы жобасын (бұдан әрі – ҚРҮҚ) ҚР ДМ-мен, орталық атқарушы органдарымен дайындау мақсатында Астана қаласына сапарының қорытындылары бойынша ЕҮК Хатшылығы Үйлестірушісінің есеп беруін тыңдады (№1 ереженің жоспары қоса ұсынылған).
Электрондық мәжілісте 2012 жылы 10 сәуірде Қазақстанда ЕҮК-нің мүшелерімен келесі сұрақтар қаралды: 1. «АИТВ құрауышы бойынша ЖИТС-пен, туберкулезбен және маляриямен күресуге арналған Ғаламдық қор (бұдан әрі – ЖТМҒҚ) қаржыландыруының 7 раунд грантының қаржыларын қайта таратуды қарастыру және бекіту. 2. «Халықаралық ұйымдармен жұмыс істеу бойынша Елдік үйлестіру комитетін (бұдан әрі –ЕҮК) құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 25 шілдесіндегі №854 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысының жобасын қарастыру. 3. ЖТМҒҚ-мен қаржыландырылатын «2012-2013 жылдарға ЕҮК қызметіне қолдау көрсету» жобасының шеңберінде қаржылық құжаттарға ЕҮК Хатшылығының үйлестірушісімен қол қою құқығын бекіту. 4. Астана қаласындағы ЕҮК Хатшылығының көмекшісі лауазымын қарастыру және бекіту. 5. «2012-2013 жылдарға ЕҮК қызметіне қолдау көрсету» жобасының шеңберінде қадағалау сапарларын бекіту.
ЕҮК-нің алматылық мүшелері ЖИТС-пен, туберкулезбен және маляриямен күресуге арналған Ғаламдық қор гранттарының Қазақстандағы екі Негізгі алушыларының: «Туберкулез» (Тұсаукесер) құрауышы бойынша «Туберкулез проблемаларының Ұлттық орталығы» ПВХ МҰ-ның және "ЖИТС" (Тұсаукесер) құрауышы бойынша «ЖИТС-ның алдын алу және онымен күресу бойынша Республикалық орталық» МҰ-ның есеп беруін тыңдады. |
МұрағатБарлық жазбалар
|
Басты бет
Мәжілістер