Елдік үйлестіру комитетің кездесуі 2026 ж. шілденің 23-і
2026 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі, Елдік үйлестіру комитетінің (ЕҮК) жаңадан сайланған төрағасы М.Е. Рамазановтың төрағалығымен АИТВ-инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі Елдік үйлестіру комитетінің (ЕҮК) отырысы өтті. Отырыс барысында ЕҮК мүшелері Жаһандық қордың 8-гранттық циклі шеңберінде 2027–2029 жылдарға арналған АИТВ компоненті бойынша Қазақстанның гранттық өтінімін дайындаудың негізгі мәселелерін қарады, оны одан әрі жетілдіру жөніндегі қадамдарды, сондай-ақ АИТВ-инфекциясы мен туберкулезге ұлттық ден қою шараларының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша өтінім қайта пысықтауға жіберіліп, кейіннен электрондық пошта арқылы дауыс беруге шығарылатын болды. Күн тәртібі:
Мәжілістер тізіміне оралу |
МұрағатБарлық жазбалар
|
