Мәжілістер
2026 жылғы 5 маусымда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі жаһандық қорға (бұдан әрі – Жаһандық қор) 8-гранттық цикл аясындағы АИТВ компоненті бойынша өтінімін дайындау шеңберінде мүдделі тараптардан келіп түскен ұсыныстарды талдау нәтижелерін таныстыруға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Елдік үйлестіру комитеті (ЕҮК) мен Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының (ҚДИАҒО) бірлесіп ұйымдастыруымен, Жаһандық қор қаржыландыратын БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ)/ЕҮК жобасы аясында өткізілді. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, азаматтық қоғам ұйымдарының, негізгі халық топтарының, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының және даму жөніндегі серіктестердің өкілдері қатысты. Кездесу барысында қатысушыларға ЕҮК жариялаған ұсыныстарды жинау туралы хабарландыруға жауап ретінде келіп түскен ұсыныстарды бағалау нәтижелері, сондай-ақ Жаһандық қордың CRG халықаралық консультантының қолдауымен өткізілген қауымдастықтық консультациялардың қорытындылары ұсынылды. Талқылау барысында АИТВ профилактикасына қолжетімділікті кеңейту, байланысқа дейінгі профилактиканы (PrEP) дамыту, тестілеудің инновациялық тәсілдерін енгізу, негізгі халық топтарына арналған қызметтерді жетілдіру және Жаһандық қор қаржыландыруы аяқталғаннан кейін бағдарламалардың орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бағдарламаның жеке бөлімі ретінде қатысушылар топтық жұмыс жүргізіп, ұсыныстарды басымдыққа қою, іс-шаралардың іске асырылу мүмкіндігі мен ресурстық қамтамасыз етілуі, іске асыру және мониторинг тетіктері, сондай-ақ негізгі халық топтарының бағдарламаларды іске асыруға қатысуы мәселелерін талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша өтінімді одан әрі жетілдіруге арналған ұсынымдар әзірленді. Дөңгелек үстелге қатысушылар тиімділігі дәлелденген профилактикалық және сервистік модельдерді сақтаудың, қауымдастықтардың шешім қабылдау процестеріне қатысуын кеңейтудің, мемлекеттік қаржыландыру тетіктерін дамытудың және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы әріптестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Дөңгелек үстел барысында қалыптастырылған барлық ұсыныстар мен ұсынымдар консультанттарға жолданып, Қазақстан Республикасының Жаһандық қорға ұсынылатын өтінімінің түпкілікті нұсқасын әзірлеу кезінде ескерілетін болады. ЕҮК барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны, сындарлы диалог жүргізгені және Қазақстанның АИТВ-инфекциясына қарсы ұлттық іс-қимыл шараларын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді.
2026 жылдың 10 сәуірінде АИТВ және туберкулез бойынша елдік үйлестіру комитетінің (бұдан әрі - ЕҮК) төрағасының орынбасары және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ/ЖИТС жөніндегі бірлескен бағдарламасының негізгі халықпен және қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі А. Боқажанованың төрағалығымен ЕҮК отырысы өтті. Күн тәртібі: 2. Согласование схемы распределения финансирования Глобального фонда на 2027-2030 годы: 4.1 Елдік диалог жоспарын бекіту; 4.2 Өтінімді жазу және Елдік диалогты жүргізу бойынша жұмыс тобының құрамы туралы келісім.
2025 жылдың 3 желтоқсанында АИТВ және туберкулез бойынша елдік үйлестіру комитеті (бұдан әрі - ЕҮК) КҮК төрағасының орынбасары және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ/ЖИТС жөніндегі бірлескен бағдарламасындағы негізгі халық топтары мен қоғамдастықпен өзара әрекеттесу жөніндегі үйлестіруші А. Боқажанованың және ЕҮК төрағасының орынбасары және негізгі халық топтары мен қоғамдастықпен өзара әрекеттесу жөніндегі комитеттің өкілі М. Медетовтың төрағалығымен электрондық дауыс беру өткізілді. Күн тәртібі: 1. Жаһандық қордың АИТВ компоненті грантының негізгі алушысы – Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы ұсынған ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі жаһандық қор (бұдан әрі - Жаһандық қор) жобасының өнімділік шеңберіндегі трансгендер адамдарға арналған көрсеткіштерді өзгерту туралы шешімді мақұлдау.
|
МұрағатБарлық жазбалар
|
Басты бет
Мәжілістер
