Ғаламдық қордың тарихы: арманнан ақиқаттылыққа
Дереккөз: http://www.theglobalfund.org/
Өткен жүз жылдықтың соңында әлемдік аренада әр түрлі жағдайлар қоғамдық денсаулық сақтауға инвестицияларды іздеуге бағытталған теңдесі жоқ күшті құрудың қажеттілігіне алып келді.
АИТВ/ЖИТС, малярия және туберкулез – індеттердің ауқымы жайлы жаңа білім және кедейшілік пен аурудың арасындағы қиын себепті байланыстарды тереңірек түсіну денсаулық сақтаудың өзекті мәселесін бүкіл әлемдік күн тәртібінің маңызды сұрағына айналдырды.
Дәл сол уақытта ғаламдық
бірлестік Африкадағы, Кариб алабы аумақтарындағы және Азиядағы АИТВ/ЖИТС
індеттерінің себебінен туындаған жан түршігерлік құлазуды және індеттің апатты
әлеуетін және халқы тығыз қоныстанған көптеген ұлттар үшін оның салдарларын
толығырақ бағалай бастады, бұл денсаулық сақтауға ғаламдық шығындарды
арттырудың әдісін табуға шақырған ғаламдық қозғалыстың негізі болды.
2000
2000 жылы Окинавада (Жапония) өткен «үлкен сегіздіктің»
саммитінде әлемнің сегіз жетекші елінің көшбасшылары ЖИТС-тың, туберкулездің
және малярияның алдын алуға және оларды емдеуге қаржының бөліну қажеттігін
мақұлдағаны туралы жариялады. Сол кездегі ұйымдардың бір де біреуінде АИТВ/ЖИТС-тың, малярияның және туберкулездің
ғаламдық індеттеріне қарсы тұру үшін қажетті қорлардың жеткілікті көлемі жоқ
екеніне көшбасшылар келісімге келді.
Қыркүйекте Еуропалық Комиссияның мәжілісінде
Окинавада басталған тақырыпты одан әрі дамытуды жалғастыратын «дөңгелек үстел»
жүргізіледі. Дөңгелек үстелдің жұмысына мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың,
жеке секторлардың өкілдері және басқалары қатысады.
Жапонияда желтоқсанда 2000 жылдың шілдесінде Окинавадағы
өткен «үлкен сегіздіктің» саммитінде мемлекеттердің басшыларымен басталған
әңгімені жалғастыруға және АИТВ/ЖИТС-тың, малярияның және туберкулездің
індеттерімен күресуді қаржыландырудың жаңа механизмінің әлеуетін зерттеуге
шақырған денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың кездесуі болады.
2001
Сәуір айында Лондонда БҰҰ-ның агенттіктері өкілдерінің және донор-мемлекеттер үкіметтерінің кездесуі болды, онда ЖИТС-пен және басқа өлімге душар ететін аурулармен күресуге арналған бірыңғай Ғаламдық қорды құру туралы келісімге қол жеткізілді.
Африкалық бірліктің ұйымдарының (Organization for
African Unity) қаржылық қолдауымен 2011 жылдың сәуірінде Абуджада (Abuja),
Нигерияда (Nigeria) өткен африкандық саммиттің қатысушыларына үндеуінде БҰҰ Бас
хатшысы Кофи Аннан жұқпалы аурулардың
алдын алуда және емдеуде дамып келе жатқан елдерге көмек көрсету үшін қаржыландыруды
арттыру өтінішімен әлемдік көшбасшыларға үндеу тастады және қосымша қаржыларды
тарту мақсатында Ғаламдық қорды құруға шақырды. Африкалық мемлекеттердің
басшылары идеяны қолдап, Ғаламдық қордан өлімге душар ететін аурулармен күресу
үшін қосымша қаржыландыруды алу мүмкіндігіне ие болу мақсатында денсаулықты
сақтауға арналған шығындарды ұлттық бюджеттің 15%-на дейін жеткізуге келісті.
Алғашқы қаржылық түсімдер:
Джордж В. Буш 200 млн. АҚШ долл. салады, Ұлыбритания және Франция 300 млн.-нан артық АҚШ долл. салады, Кофи Аннан Халықаралық олимпиадалық комитеттен салым ретінде 1 млн. АҚШ долл. салады.
Женевада маусым айында ЖИТС бойынша БҰҰ-ның Бас
Ассамблеясының арнайы сессиясы өтеді, онда 50-ден артық елді таныстыратын
үкіметтік емес ұйымдардың, жеке қорлардың өкілдері жұмысының мақсаты АИТВ/ЖИТС-тың,
малярияның және туберкулездің індеттерімен күресуде ықпалдастырылған амал-тәсіл
болып табылатын қорды құрудың қажеттілігі туралы келісімге келеді.
Мемлекеттер – БҰҰ мүшелері АИТВ/ЖИТС-пен күресу
ісіне берілгендігі туралы Декларация қабылдайды және АИТВ/ЖИТС-пен күресу
бойынша Ғаламдық қордың түзілуін қаржыландыруға дайындығын және өзінің
көрсетілетін қолдауы туралы хабарлайды. БҰҰ Бас Ассамблеясының Арнайы Сессиясын
өткізу барысында, Нигерия мен Уганданы қоса алғанда, дамып келе жатқан елдердің
үкіметтері қорға қолдау көрсету ретінде жеке қаржыларын салуға міндеттенді.
Қаржылық қолдау көрсетілді: Bill & Melinda Gates қорынан – 100 млн. АҚШ
долл., Winterthur сақтандыру тобынан – 1 млн. АҚШ долл. бөлінеді. Біріккен Ұлттар
Ұйымының қоры (UNF) ресми ұйымды құруға дейін жеке ұйымдар мен несиеге
берушілерден салымдарды қабылдайды.
Еуропалық Комиссияның қатысуымен Генуядағы «үлкен
сегіздіктің» саммитінде Ғаламдық қорды құру идеясын осы мақсат үшін қаражаттар
бөлген сегіз жетекші елдің көшбасшыларымен мақұлданды. Сонымен қатар, Ғаламдық
қордың құрылымы және қызметі негізделетін ұстанымдарды әзірлеу үшін уақытша
жұмыс тобы (УЖТ) құрылды, оған дамып келе жатқан елдердің, донор-елдердің, ҮЕМ,
жеке сектордың және БҰҰ жүйесінің құрылымдарының шамамен 40-тай өкілі кірді.
Жылдың екінші жартысында УЖТ қор жұмысының негізгі
ұстанымдарын әзірледі, соның ішінде оның заңды мәртебесі, басқару органдарының
құрылымы, қаржыландыру жүйелері және сайлаушылықтың негізгі критерийлері бар. УЖТ
үш рет - 2001 жылдың қазанында,
қарашасында және желтоқсанында жиналды. Сонымен
қатар, УЖТ Африкада, Азияда, Латын Америкасында және Шығыс Еуропада аймақтық кеңес
берулерді, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтық қоғаммен, жеке
сектормен және оқу орындарымен тақырыптық кеңес берулерді жүргізді.
2001 жылдың соңында донор-елдерді, дамып келе
жатқан елдерді, ҮЕО және жеке секторларды қоса алғанда, қордың әр органдарының
мүшелері Қор басқармасының өкілдерін сайлады.
2002
Бірінші мәжілісте, Женевада 2002 жылдың қаңтарында, Басқарма УЖТ ұсыныстарымен танысып, концептуалдық құжат қабылдады, осының арқасында қордың жұмысы ресми мәртебеге ие болды. Ғаламдық қор 2002 жылы тәуелсіз швейцарлық қор ретінде тіркелді. Басқарманың ұйғарымы бойынша хатшылық қаржыландыру туралы ұсыныстар шығарады, мәлімдемелер мен ұсыныстарды қарастыру үшін Техникалық Бағалау Тобының құрылуын басқарады, қорда тұрақты жұмыс істеу үшін үміткерлерді қарастырады, Ғаламдық қордың қамқоршысына айналған Қайта құру және даму халықаралық банкімен келісім-шартқа отырады.
Келесі бірнеше айдың ішінде қордың қызметі
инфрақұрылымды, қор жұмысының саясатын және жүйесін жасауға бағытталды. Осы
жұмыстың арқасында 2003 жылы Ғаламдық қор мұқият орнықтырылған механизм болып
табылды, оның жұмысы анық және түсінікті ұстанымдардан тұрады, бұл тартылатын
қаржылардың көлемін әжептәуір арттыруға және өлімге душар ететін ауруларға
қарсы тұру үшін оларды кең ауқымдарда тиімді пайдаланудың әдістерін табуға
мүмкіндік береді.
Қор елдерді қаржылық салымдар салуға шақырады және
ЖИТС-пен, маляриямен және туберкулезбен күресу үшін қаржыландыруды алу үшін сұранымдарды
қарастырады. Сұранымдардың көлемі күткеннен алты есеге артық болып шықты, бұл
аурулардың індеттерімен күресуді қосымша қаржыландырудың маңызды қажеттілігін
тағы да растайды. 27 үкіметтен, 30 бірлестіктен және филантропиялық ұйымдардан
және 300-дей дерлік жеке тұлғалардан 2 миллиард АҚШ долл. көлемінде салымдар
қабылданды. Үкіметтік салымдарды алу және басқару үшін Ғаламдық қордың есеп
шоты ашылды.
Желтоқсанда Ғаламдық қор 1 млн. АҚШ долл. көлемінде
өзінің алғашқы төлемін жүзеге асырады.
2003
Қаңтарда Ғаламдық қор Басқармасының төртінші жиналысы өтеді, оған тағы 12 ел қосылады, дүние жүзінде 100-ден артық үкіметтік емес ұйымдарды тартатын қаражатты жинау бойынша тағы бір науқан жүргізіледі.
2003 жылдың соңында Ғаламдық қор 60-тан артық елмен
келісімге отырды және 61 елде 71 бағдарламаға 623 млн. АҚШ долл., соның ішінде:
АИТВ/ЖИТС-пен күресу бойынша бағдарламаларға – 52
елде 31 бағдарламаға 362млн. АҚШ долл. бөлінді.
Қордан грантты алушылар қатарына Қазақстан да кірді
және АИТВ/ЖИТС-тің індетімен күресу бойынша жобаны жүзеге асыру үшін № KAZ-202-G01-H-00
нөмірлі 1-ші грантын алды.
Жобаны 5 жылға жүзеге асыруға берілген гранттың
соммасы 22.1 млн. АҚШ долларын құрайды.
Бағдарламаның жалпы мақсаты АИТВ/ЖИТС-пен ауыруды
және өлімді төмендету болып табылады.
Негізгі міндеттер:
- халықтық осал топтарының арасында АИТВ/ЖИТС індетінің алдын алу;
- жастар арасында АИТВ/ЖИТС індетінің алдын алу;
- АИТВ/ЖИТС індетімен ауыратын адамдарды еммен, күтіммен және қолдаумен
қамтамасыз ету.