Басты бет ЕҮК тарихы
 

ЕҮК тарихы


Елдік үйлестіру комитеті (ЕҮК) 2002 жылы ЖТМҒҚ қызметін Үкімет деңгейінде үйлестіру және шешімдерді ортақ қабылдау мақсатында құрылды.

ЕҮК келесі үкімет өкілдерінен тұрады:

  • Денсаулық сақтау министрлігі;
  • Ішкі істер министрлігі;
  • Қорғаныс министрлігі;
  • Қаржы министрлігі;
  • Ұлттық экономика министрлігі;
  • Мәдениет және қоғамдық даму министрлігі;
  • Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі;
  • Дерматология және жұқпалы аурулар бойынша Қазақ ғылыми орталығы;
  • Фтизиопульмонология  Ұлттық ғылыми орталығы;
  • Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, туберкулезбен ауырған адамдар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар және донорлар.

Қатысты бөлігі бойынша ЕҮК-ге ЖИТС мен туберкулез індеттерімен күресуге арналған қорларды жұмылдыру бойынша ұсыныстарды қарастыру, әзірлеу және ұсыну; жүзеге асыру барысында үдерісті қадағалау және бақылау, қажет болған жағдайда, түзететін әрекеттерді ұсыну тапсырылған. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі ЕҮК-нің төрағасы ретінде анықталды.

ЕҮК-нің Қазақстан Республикасында қалыптасу тарихы:


Үкімет

Денсаулық сақтау Министрлігі

  • 20.09.2002 №1037  қаулысы
  • 12.09.2003 №935 қаулысы
  • 01.09.2004 №922 қаулысы
  • 03.02.2005 №99 қаулысы
  • 01.12.2006  №579   «ЖТМГФ-пен жұмыс жасау үшін жұмыс тобын құру туралы» жарлығы

 ЕҮК хатшылығы

2009 жылы ЕҮК-ін қолдау мақсатында, қажетті әкімшілік, хатшылық қолдауды, байланыс қызметтерін және материалдық-техникалық қолдауды ұсыну арқылы өз істерін жүргізу үшін ЕҮК хатшылығын құру туралы шешім қабылданды.

ЕҮК хатшылығы Қазақстанда өзінің жұмысын 2011 жылдың мамырынан бастады. ЕҮК хатшылығы Алматы қаласында орналасқан.Хатшылықтың құрамы олармен жасасқан еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін сәйкес біліктілігі бар мамандармен айқындылықтың және ашықтықтың ұстанымдарын сақтау арқылы конкурстық негізде жинақталады.

Хатшылықтың құрамына:

  • үйлестіруші;
  • әкімшілік-қаржылық мәселелер бойынша көмекші кіреді.

Хатшылықтың міндеттері:

  • Логистикаға және ЕҮК мен оның комитеттерінің және техникалық жұмыс топтарының жұмысына әкімшілік қолдау көрсетуге, ЕҮК құжаттамасын жүргізуге, Ғаламдық қордың, ЕҮК мен оның комитеттерінің, негізгі алушылар мен бірлескен алушылардың, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында АИТВ/ЖИТС-тың және туберкулездің індеттерімен күресуге тартылған басқа да мүдделі жақтардың қызметімен байланысты ақпаратты жинауға және таратуға жауапты;
  • Шақыруларды, хабарландыру хаттарды, ЕҮК мәжілісінің хаттамаларын және сәйкес құжаттарды таратуға жауапты;
  • ЖИТС-пен және/немесе туберкулезбен күресу бойынша іс-шараларды қаржыландыру үшін ұлттық мәлімдемелерді қабылдау туралы донор-ұйымдардың хабарландырулары жайында ЕҮК мүшелеріне хабарлауды қамтамасыз етеді.
  • Ғаламдық қорға қаржыландыру үшін ұлттық мәлімдемелерді әзірлеу және беру барысында әкімшілік және логистикалық қолдау көрсетеді;
  • ЕҮК-нің сайтында сәйкес ақпараттың жарияланымдары арқылы ЕҮК қызметінің айқындылығын қамтамасыз етеді;
  • Қадағалау бойынша Комитеттің жұмысына әкімшілік және логистикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді және жобалардың жүзеге асырылуын қадағалау мақсатында қажетті сапарларды ұйымдастырады.